Қазақстандықтар спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен өте алмады


21:39, 25 қыркүйек 2025

Сеулде (Оңтүстік Корея) спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты аясында әйелдер арасында «жылдамдық» бағдарламасы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сайыста Қазақстан құрамасынан үш спортшы сынға түсті.

Тамара Ұлжабаева 19-орынға табан тіреді. Аделия Утешева 32-ші, Анна Баларшина 34-ші нәтиже көрсетті. Өкінішке қарай, плей-офф кезеңіне өте алмады.

Әлем және Еуропа рекордын жаңартқан польшалық Александра Мирослав жеңімпаз атанды. Екінші орынды қытайлық Лицзюань Дэн иеленсе, қола жүлде Яфэй Чжоуға (Қытай) бұйырды.