Бүгін, 2025 жылғы 8 мамырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандық әйелдің болашақ баласының тегіне қатысты қызықты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азаматтың айтуынша, жұбайы екеуі жақын арада ата-ана атанады.
«Айтыңызшы, балаға менің және күйеуімнің фамилиясын беруге бола ма?», – деп сұрады әйел.
Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің жауабы теріс болды.
«Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне сәйкес баланың ата-анасының тегі әртүрлі болса, онда ата-анасының келісімі бойынша балаға әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Баланың тегіне қатысты ата-аналардың арасында туындаған келіспеушіліктер сот тәртібімен шешіледі», – деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік мекемесі.
2025 жылдың 23 сәуірінде мемлекеттік корпорация Қазақстанда некені қалай тіркеуге болатынын түсіндірді.






Leave a Reply