Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде маңызды ескерту жасалды


18:22, 30 қыркүйек 2025

Бүгін, 2025 жылғы 30 қыркүйекте «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ҰАТ) қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы мәлімет ҰАТ-тың Instagram-ында жарияланды.

«Құрметті пайдаланушылар, мемлекеттік қызметтерді алу және электрондық үкімет жүйелерімен жұмыс істеу үшін Мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар азаматтарға телефон нөмірін Мобильді азаматтар базасында тіркеу және қайта тіркеу eGov.kz порталы арқылы жүзеге асырылатыны ескертілді.

ҰАТ мамандары мұны қалай жасау керегін де көрсетті.