17:33, 20 наурыз 2026
«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 21 наурыз, сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Антициклон жотасының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.
«Тек елдің қиыр солтүстігінде аздаған жауын-шашын түседі, ал батыстың шеткі бөлігінде және оңтүстік облыстардың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай болжанады», – делінген «Қазгидромет» баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар ел бойынша кей жерде тұман мен көктайғақ (әсіресе солтүстік және орталық өңірлерде) болады. Солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жел күшейеді, ал батыста шаңды дауыл соғуы мүмкін.






Leave a Reply