09:06, 22 желтоқсан 2025
Қазақстан Үкіметі 2025 жылғы 17 желтоқсанда «2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшерін арттыру туралы» қаулыны бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта былай делінген:
2026 жылғы 1 қаңтарынан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынатын әлеуметтік төлемдер көлемінің 10 пайызына арттырылсын.
Қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін біз 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі жалақы мен зейнетақы қандай болатынын хабарлаған едік.






Leave a Reply