Қазақстанда қар жауып, ауа температурасы күрт төмендейді


«Қазгидромет» мамандары Қазақстан бойынша 2026 жылдың 7, 8 және 9 сәуіріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, елдегі ауа райы кенеттен нашарлайды.

«Қазақстанның көп бөлігінде көктемге тән тұрақсыз ауа райы байқалады: жауын-шашын болады, солтүстік пен солтүстік-батыста – жаңбыр мен қар, батыс пен оңтүстікте – кейде нөсер жаңбыр, солтүстікте – жауын-шашын. Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, батыс пен оңтүстікте – бұршақ, дауылды жел күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» баспасөз қызметі.

Болжамға сәйкес, тек елдің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.

«Елдің солтүстік және солтүстік-батысында күндізгі ауа температурасы +3…+15°С дейін төмендейді», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда -5°С дейінгі аяздың қайтып келетінін ескерткен еді.