Қазақстанда туу туралы куәліктегі қатені қалай түзетуге болады


12:53, 11 қыркүйек 2025

Қазақстан тұрғыны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне туу туралы куәліктегі қатені түзетуге қатысты қызықты сұрақпен жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселе мынадай еді:

«Сәлеметсіз бе. Егер балаға берілген туу туралы куәлікте қате кетсе, оны түзете аламын ба?» – деп сұрады қазақстандық.

Баспасөз қызметі бұл сұраққа оң жауап берді:

«Қатені түзету үшін сіз жақын жердегі ХҚКО-ға өтініш бере аласыз. Сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы онлайн-сервисті пайдалануға болады», – деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанда ажырасу рәсімі енді жылдамырақ жүргізілетіні айтылған еді.