Қазақстанда сирек кездесетін өсімдіктер гүлдей бастады


09:52, 26 ақпан 2025

Қазақстанда көктемнің келуімен Қызыл кітапқа енген сирек өсімдіктер гүлдей бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың ішінде Алатау бәйшешегі мен Кессельринг лапызы бар – ерекше сәндік және дәрілік қасиеттерге ие өсімдіктер.

«Бұл өсімдіктер табиғаттың көркін ашады, алайда олардың саны жыл сайын азайып келеді. Ғылым мен экология үшін маңызы зор бұл түрлерді сақтау – болашақ ұрпаққа аманат»,- делінген ақпаратта.

Мамандар олардың табиғи мекендеу ортасын қорғауға және заңсыз жинамауға шақырады.

Бұған дейін Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастағаны хабарланған болатын.