11:33, 8 қаңтар 2026
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен республикалық мемлекеттік мекеме – «Көлік логистикасын цифрлық дамыту орталығы» құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта: «Республикалық мемлекеттік мекемені – «Көлік логистикасын цифрлық дамыту орталығын» құру», – деп көрсетілген.
Мекемені қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебінен және сол шектерде жүзеге асырылады.
Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.






Leave a Reply