Қазақстанда Көлік логистикасын цифрлық дамыту орталығы құрылды


11:33, 8 қаңтар 2026

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен республикалық мемлекеттік мекеме – «Көлік логистикасын цифрлық дамыту орталығы» құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта: «Республикалық мемлекеттік мекемені – «Көлік логистикасын цифрлық дамыту орталығын» құру», – деп көрсетілген.

Мекемені қаржыландыру республикалық бюджеттің қаражаты есебінен және сол шектерде жүзеге асырылады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.