17:52, 7 қараша 2025
Алдағы сенбіде, 2025 жылғы 8 қарашада Қазақстанға тағы да ауа райы бұзылып, кейбір өңірде қолайсыздық тудырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы»Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады:
«Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуынан Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі… Республикамыздың басым бөлігінде жел екпін алып, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте тұман түсу ықтималдылығы жоғарлайды».
Синоптиктердің мәліметінше, антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы Қазақстанның тек батысы мен оңтүстігінде ғана болжанады.
Бұған дейін синоптиктер Астанада қар жауып, көктайғақ болады, Алматы мен Шымкентте күн райы жылынады деп хабарлаған болатын. 2025 жылғы 8, 9 және 10 қарашадағы ауа райына қатысты мәліметпен мына арадан толығырақ таныса аласыздар.






Leave a Reply