Бүгін, 2025 жылғы 7 қазанда қазақстандықтар Павел Дуровтың желіде жариялаған видеосын көріп, тосылып қалды. 40 жастағы Telegram-ның негізін қалаушы Алматы облысындағы Көлсай көлінде мұздай суға шомылып, заңды бұзған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әкімшілігі мәлімдеме жасады:
«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде «ВКонтакте» және Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркінде мұздай суда шомылған сәті түсірілген видео тарауда. Осыған байланысты біз Көлсай көлдерінде шомылу туристік маршруттың төлқұжатына сәйкес қатаң түрде тыйым салынатынын ескертеміз. Аталған жағдайға байланысты парк басшылығы қызметтік тексеріс бастады. Оның қорытындысы бойынша тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген жауапты қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылады».
Дуровтың мұздай суға бұрыннан әуестігі бар. Салауатты өмір салтын ұстанатын кәсіпкер бұрын да осындай сипаттағы видеомен бөліскен болатын.






Leave a Reply