Синоптиктер, бейсенбі, 2026 жылғы 9 сәуірде Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпаратқа сүйенсек:
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр, солтүстігінде, түнде батысында, солтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі». «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі
Тек Қазақстанның шығысында, аңтициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі».«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі
Бұған дейін 2026 жылғы 9-11 сәуір аралығында ауа райы қандай болатыны туралы болжамды ұсынған болатынбыз.






Leave a Reply