12:54, 28 наурыз 2025
Қазақстанда балалар еңбегін заңсыз пайдаланудан қорғайтын арнайы ережелер бар. Бұл туралы азаматтарға Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәселен, 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
«Егер жасөспірім 16 – 18 жаста болса, 36 сағатқа дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Бірақ жұмыс денсаулыққа зиянсыз, қауіпсіз ортада өтуі және жасөспірімге шамадан тыс ауыртпалық түсірмеуі тиіс»,- делінген ақпаратта.
Сондай-ақ жұмыс істеу үшін ата-анаңның рұқсаты мен келісімінің болуы міндетті.
Тағы бір ескеретін жайт:
«Еңбек заңнамасына сәйкес, түнгі уақытта – сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін жұмыс істеуге, қосымша жүктемемен еңбек етуге, сондай-ақ қауіпті әрі зиянды жағдайларда жұмыс жасауға қатаң тыйым салынады».
Қазақстанның Еңбек кодексінің негізгі ережелерімен осы сілтеме арқылы таныса аласыз.
Бұған дейін 1 сәуірге дейін қандай салық есептілігін тапсыру керек екендігі хабарланған болатын.






Leave a Reply