Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі қызметінен босатылды


09:35, 29 қыркүйек 2025

2025 жылғы 29 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Ғани Бейсембаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда жазды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды», – деп жазылған ресми ақпаратта.

Ғани Бейсембаев бұл лауазымды 2023 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келген.

Бұдан бөлек, бүгін, 29 қыркүйекте, президент Жаслан Мәдиевті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметіне тағайындады.