15:38, 28 сәуір 2025
Бүгін белгілі академик, фольклортанушы ғалым, қоғам қайраткері Сейіт Қасқабасов 85 жасына қараған шағында дүниеден өтті.
Ол – Ұлттық ғылым академиясының академигі, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры қызметін атқарды.
Танымал еңбектерінің қатарында «Қазақтың халық прозасы», «Абай және фольклор», «Жаназық», «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» сынды монографиялары мен зерттеулері бар, деп жазады qazaqstan.tv.
Сондай-ақ ол жазған 300-ден аса еңбек, соның ішінде фольклор, әдебиет пен өнер бойынша 9 монография өскелең ұрпаққа сырқылмас мұра болып қалды.






Leave a Reply