Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен Түркиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды


18:00, 9 қаңтар 2026

Анталья қаласында күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде грек-рим күресінен Қазақстан құрамасы бірнеше жүлдеге қол жеткізді.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Юсуф Ашрапов алтын медаль жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Сондай-ақ қазақстандық «классиктердің» қоржынында екі қола жүлде бар. 63 келіде Еркебұлан Ардақов пен 97 келі салмақта Рахат Бержанов үшінші орынға ие болды.