Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирдің алғашқы айналымында сүрінді


13:28, 23 шілде 2025

Қазақстан теннис құрамасының өкілі Юлия Путинцева АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің екінші кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың алғашқы айналымында Путинцева Жапонияның танымал спортшысы Наоми Осакамен кездескен болатын.

Кездесу Наомидің пайдасына 6:2, 7:5 есебімен аяқталды.

Келесі кезеңде Осака Ұлыбритания өкілі Эмма Радуканумен шеберлік байқасады.