09:02, 2 қаңтар 2026
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Австралияның Брисбен қаласында өтетін WTA-500 санатындағы турнирге іріктеу кезеңінен бастап қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, жарыстың іріктеу кезеңінің бірінші айналымында спортшы әлемнің 119-ракеткасы, австралиялық Присцилла Хонмен кездеседі.
Матч 2 қаңтар күні Қазақстан уақытымен сағат 08:00-де басталады.
Брисбендегі турнирдің негізгі кезеңінің матчтары 4–11 қаңтар аралығында ұйымдастырылады. Жарыстың қазіргі чемпионы – Беларусь теннисшісі Арина Соболенко.
Бұған дейін теннистегі әлемдік рейтингте Елена Рыбакинаның үздік бестіктегі орнын сақтап қалғанын жазғанбыз.






Leave a Reply