22:13, 6 қараша 2025
ҚР Энергетика министрі Ержан Әккенженов АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) директоры Брайан Смитпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, тараптар кездесуде АҚШ-тың санкциялық саясатының Қазақстан экономикасына тигізуі мүмкін жанама әсерлерін барынша азайту және қолданыстағы шектеулер жағдайында серіктестермен өзара іс-қимылдың практикалық қырларын талқылады.
«Тараптар өзара құрметке негізделген ашық, прагматикалық және айқын диалогты жалғастыруға дайын екендерін растады және консультацияларды одан әрі жүргізу туралы келісті», — деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін Вашингтонда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан мен АҚШ арасында маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі меморандумға қол қойылғаны хабарланған болатын.






Leave a Reply