Ыстамбұлда көшедегі иттерді тамақтандыруға тыйым салынды


13:35, 25 қараша 2025

Ыстамбұлда саябақтарда, мектептерде, ауруханаларда, әуежайларда және мешіттерде көшедегі иттерді тамақтандыруға тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

EN. HABERLER мәліметінше, бұл шешім зиянкестер мен кеміргіштердің көбеюімен байланысты. Жаңа ереженің мақсаты – барша адамдар үшін қауіп-қатерді азайту.