Серебрянск қаласында (ШҚО) төрт жасөспірім түн ортасында қақаған аязға қарамастан мамандандырылған мектеп-интернаттан қашып кеткен. Желіде олардың қоғамдық дәретханада үсік шалған қолдарын көрсеткен бейнесі тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жазбаның авторы бұл арнайы мекемеден қашудың бірінші фактісі емес екенін алға тартады. Оған себеп – мекемеде оқушыларға күн көрсетпейді.
«Серебрянск қаласында арнайы мектептің оқушылары өздеріне төнетін қауіп-қатерге қарамастан бірнеше рет қашып отыр. Оған себеп – мекемедегі қорқынышты жағдай – балалар қорқытудың, физикалық зорлық-зомбылықтың және қорлаудың құрбаны болуда. Қашқан оқушыларды үсік шалған. Көшедегі қоғамдық дәретханаға тығылған. Бұл үшін кім жазаланады?», – деп жазды vestnik public.altay авторы.
Айта кетейік, 6 ақпанға қараған түні Серебрянск қаласы орналасқан Алтай ауданында ауа температурасы минус 32 градусқа жетті.
Оқиғаға ШҚО білім басқармасы жедел түсініктеме бере алмады, дегенмен мекеме фактіні жоққа шығармады.
Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат директорының міндетін атқарушы Сарқыт Давлетова жасөспірімдердің қашып кеткенін растады. Алайда, оның айтуынша, олар түнде табылды.
«Балалар дереу ауруханаға жеткізілді, дәрігерлердің қарауынан өтті, ендігі екеуі жіберілді», – деді ол.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта ол балалармен бірге жауап алуда, сондықтан ол неғұрлым егжей-тегжейлі түсініктеме бере алмайды.
«Девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат» КММ – жабық мекеме. Онда 40 тәрбиеленуші бар, оның 15-і Павлодар облысынан, екеуі Қостанай облысынан, екеуі Алматы облысынан, 17-сі ШҚО-дан: оның Өскеменнің өзінен – 12 тәрбиеленуші, Глубокое ауданынан – екеуі, Алтай ауданынан – үш оқушы бар.
Бұған дейін Ақтөбе облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың «әлеуметтік» газды ұрлағаны хабарланған болатын.






Leave a Reply