Еске салсақ, ақпан айында полицейлер 69 жастағы тұрғыннан үлкен көлемде ақша жымқырған екі ер адамды ұстады.
Зейнеткерге өзін ұялы байланыс операторымын деп таныстырған белгісіз тұлға қоңырау шалып, сим-картасының мерзімі аяқталғанын айтқан.
Нөмірінің қызметін ұзарту үшін азаматша СМС-кодты хабарлаған. Араға аз уақыт салып, «құқық қорғаушылар» хабарласып, әйелдің шотында күмәнді операциялар басталғанын және алдыңғы қоңырау шалған адам алаяқ екенін жеткізген.
Дүрбелеңге түскен зейнеткер жиған-тергенін сақтап қалу үшін күдіктілердің айтқанын бұлжытпай орындайды: есепшотындағы бар ақшаны шешіп алып, оны «сенімді қолға» уақытша сақтауға тапсырған.
Киберпол қызметкерлері күдіктілерді анықтап, жан-жақты және толыққанды тергеу жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген шығын түгел өтелді. Сот үкімімен екі күдіктінің әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.






Leave a Reply