20:45, 13 ақпан 2025
Шымкентте бір топ адам лифтіде ер адамды аяусыз соққыға жықты. Оқиға «Отау Сити» тұрғын үй кешенінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кадрларда бес адамның ішке кіріп, жәбірленушіні ұрып, сосын оны сыртқа сүйреп шыққанын көруге болады.
Шымкент полиция департаментінің хабарлауынша, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Барлық қатысы барлар анықталып, полицияға жеткізілді.
Қазір барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.






Leave a Reply