Шымкентте жоғалып кеткен оқушы қыз Алматыдан табылды


17:48, 14 сәуір 2025

Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Пушкин көшесінің бойындағы аллеяны аралау кезінде Шымкент қаласында із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған 16 жастағы қызды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға кәмелетке толмаған қыз Алматыға ата-анасына ескертпестен келгенін айтқан.

«Полиция, дереу оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдады. Қыз бала заңды өкілдері келгенше Қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына уақытша орналастырылды», — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Қыздың ата-анасымен және туыстарымен туыстық байланыстарды нығайтуға және қайталап рұқсатсыз кету жағдайларының алдын алуға бағытталған жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

Бұған дейін Екібастұзда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылғаны хабарланған.