Шымкенттегі көп балалы аналар 20 мың теңгеге жуық жәрдемақы алады


13:45, 21 ақпан 2025

Шымкентте көп балалы аналарға 8 наурыз мерекесі қарсаңында біржолғы әлеуметтік жәрдемақы беріледі. Бұл туралы 2025 жылдың 21 ақпанында қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Билік өкілдерінің мәліметінше, биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мегаполисте 67 741 көп балалы ана тұрады («Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған 13 805 және 4-5 балалы 53 936 көп балалы ана).

«Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады.» Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады.