Шорт-трекші Малика Ермек Азия ойындарында бесінші орын алды


Шорт-тректен Қазақстан құрамасының өкілі Малика Ермек 2025 жылғы Азия ойындарында (Харбин, Қытай) үздік бестікке енді.

Спортшы 1000 метр қашықтықтағы A финалында өнер көрсетті.

Шешуші жарыста қазақстандық спортшы бесінші нәтиже көрсетті.

Осы бағдарлама бойынша Алина Әжғалиева B финалында жарысты. Ол мәреге екінші болып жетіп, жалпы есепте жетінші орын алды.