18:28, 15 наурыз 2026
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі дауыс беру уақытының аяқталуына байланысты шетелдегі алғашқы сайлау учаскелері жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта тоғыз елдегі сайлау учаскелері жұмысын аяқтады.
«Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Вьетнам, Индонезия мен Таиландта шетелдік референдум учаскелері өз жұмысын аяқтады», — делінген хабарламада.
Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша референдумда 8,8 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді.






Leave a Reply