16:40, 26 желтоқсан 2025
Мерекелер қарсаңында көптеген азаматтар шетелге сапар жоспарлайды. Осыған байланысты, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға шетелга шығуға тыйымның бар-жоғын анықтаудың оңтайлы жолын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандар келесіні ұсынды:
«Шекарада мүмкін болатын қиындықтар мен шектеулердің алдын алу үшін шетелге шығуға тыйым бар-жоғын алдын ала тексеруге кеңес береміз».
Ақпаратқа сүйенсек, eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында шетелге шығуға тыйым салынғанын тексеруге арналған онлайн-қызмет қолжетімді.
Тексеру мынадай тізімдер бойынша жүргізіледі:
- шетелге шығуы шектелген борышкерлер тізілімі,
- атқару өндірісі бойынша борышкерлер тізілімі.
Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында онлайн алу жолы:
- «Қызметтер» батырмасын басыңыз.
- «Саяхат, шетелде тұру және эмиграция» – «Шет елге шығуы шектелген, борышқорлар тізілімі және атқару өндірісі бойынша борышқорлар тізілімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандығының бар болуын тексеру» қызметін таңдаңыз
- ЖСН/БСН еңгізіңіз.
- «Тексеру» батырмасын басыңыз.
«Қызметті алу мерзімі eGov порталында да, eGov Mobile қосымшасы арқылы да 15 минутқа дейін қолжетімді»,- деп атап өтті мамандар.
Бұған дейін президенттің жер қойнауы туралы заңға қол қойғанын жазғанбыз.






Leave a Reply