09:53, 20 наурыз 2026
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы бұйрығымен «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылым нысандарының тізбесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған тізбеге мынадай цифрлық жүйелер енгізілген:
Цифрлық жүйелер:
- «Цифрлық үкімет» веб-порталы;
- «Цифрлық үкімет» шлюзі;
- «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы;
- «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер базасы;
- «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы;
- «Цифрлық үкіметтің төлем шлюзі»;
- «Мекенжай тіркелімі»;
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарының интеграцияланған ақпараттық жүйесі;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталы;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесі;
- «АХАЖ» цифрлық жүйесі;
- «Жылжымалы мүлік тізілімі»;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мобильді кеңсесі»;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық эталондық бақылау банкі;
- «Мемлекеттік жер кадастры» автоматтандырылған цифрлық жүйесі;
- «Мобильді үкімет»;
- «ASHYQ» платформасының бағдарламалық қамтамасыз етуі;
- «Е-өтініш» цифрлық жүйесі;
- «Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты»;
- «Е-қызмет» персоналды басқарудың интеграцияланған цифрлық жүйесі;
- «Е-заң көмегі» бірыңғай цифрлық құқықтық көмек жүйесі;
- «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе»;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасының есептік-бақылау маркаларын және өзге де баспа өнімдерін бақылау, есепке алу және беру жүйесі;
- «Е-КТРМ» техникалық реттеу цифрлық жүйесі;
- «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры»;
- Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау және сақтау жүйесі;
- Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстар жағдайы туралы ұлттық деректер банкі;
- Қазақстан Республикасының түбірлік куәландырушы орталығы;
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы;
- Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы;
- Қазақстан Республикасының сенімді үшінші тарабы.
Бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.






Leave a Reply