ХҚКО-ға бармай-ақ жеке куәлік рәсімдеу: нені білу керек


13:55, 30 қаңтар 2026

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметіне мүгедек балаға жеке куәлік ресімдеу тәртібі туралы сұрақ келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азамат баласының I топтағы мүгедек екенін, сондықтан жеке куәлікті рәсімдеу үшін ХҚКО-ға келе алмайтындығын түсіндірді.

Мамандардың айтуынша, бұл жағдайда азаматтар көшпелі қызмет көрсету құқығын пайдалана алады.

Ол үшін клиент немесе оның қамқоршысы келесі рәсімдерді орындау керек:

  • 1414 байланыс орталығына хабарласу;
  • Көшпелі ХҚКО қызметі бойынша өтінім қалдыру;
  • ХҚКО қызметкерлері байланыс орнатып, қызмет күні мен уақытын келіседі.

Бұған дейін 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері әскери кафедраға оқуға түсуге өтінішті eGov.kz порталы арқылы толық онлайн форматта бере алатындығын жазғанбыз.