Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінде бірқатар келісімдер жасалды


20:09, 22 сәуір 2026

2026 жылғы 22 сәуірде өткен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінде бірқатар келісімшарттар жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

  • «Халықаралық Аралды құтқару қорына Қазақстан Республикасының төрағалық ету барысы туралы» Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  • «26 наурызды Арал теңізінің, Әмудария мен Сырдария өзендерінің халықаралық күні деп жариялау жөнінде» Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  • «Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы» Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;
  • Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының Астана мәлімдемесі.

Бұған дейін Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізгенін жазғанбыз.