Тұмау бәсеңдеп, ауру көрсеткіші төмендеуде – Денсаулық сақтау министрлігі


11:28, 3 желтоқсан 2025

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылдың 3 желтоқсанында Мәжіліс кулуарында еліміздегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, жағдай тұрақталып келеді.

«Тұмау бәсеңдеп келеді, ауру көрсеткіші 15%-ға төмендеді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қабылдаған тиісті шаралардың нәтижесі көрініс табуда», – деді Әлназарова.

Сонымен қатар, инфекциялық төсек орындардың толымдылығы шамамен 60%-ды құрап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда санитарлық дәрігерлер ОРВИ ауруының өсуін тіркегенін хабарлаған едік.