Түркістанда полицейлер ветеринария заңнамасын бұзған 30-ға жуық тұрғынды анықтады


22:46, 10 наурыз 2026

Түркістанда полицейлер ветеринария заңнамасын бұзған 30-ға жуық тұрғынды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары мал ұрлығының алдын алу, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ауыл шаруашылығы жануарларын сою, сақтау және өткізу орындарын анықтау, сондай-ақ сою пункттері мен кезбе малды ұстау орындарын тексеру және жануарларды заңсыз тасымалдау фактілерін анықтау мақсатында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Шара барысында Сайрам аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізілген жұмыстары нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзудың 6 дерегін анықтады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзған бойынша 27 тұрғынға тиісті шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта аталған бағытта профилактикалық және тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.