«Тянь-Шань попугайы» танымал алматылық фотографтың объективіне ілікті


Танымал алматылық фотограф Дмитрий Доценко өзі «Тянь-Шань попугайы» деп атаған арша ементұмсығын көріп қалып, суретке түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы 5 ақпанда Instagram парақшасында жазды. Сондай-ақ, блогер сирек кездесетін құстың бейнесін жариялады.

Оның айтуынша, құс жидектермен қоректенеді.

«Бір қызығы, мұндай кішкентай құс бір уақытта 30-ға жуық жидек жеді! Оның бәрі қайда кетеді? Бұл құсты кездестірген сайын жабайы табиғат әлемінің қаншалықты таңқаларлық екенін түсінемін»- деп жазды Доценко.

Сондай-ақ, ол қолдау көрстекендерге алғысын білдірді.

Бұған дейін Австралияда айкезбе әйел күйеуін өлтіргені үшін жазаланбағаны хабарланған болатын.