Трамп Ресейге Украинадағы қақтығысты реттеу үшін 10–12 күн уақыт берді


18:49, 28 шілде 2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге Украинадағы соғысты реттеуге қатысты қойылған ультиматумның мерзімін қысқартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол 28 шілде күні Шотландияда Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен кездесуден кейін журналистерге айтты.

«Мен жаңа мерзімді белгілеймін – бүгіннен бастап 10 немесе 12 күн», — деді АҚШ президенті.

Трамптың айтуынша, «50 күн күтудің еш қажеті жоқ».

«Мен кең пейіл танытқым келген, бірақ біз ешқандай ілгерілеушілікті көріп отырған жоқпыз», — деп түйіндеді ол.