Тоқаев Әзербайжанға барады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға сапармен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2025 жылғы 3 қазанда хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6-7 қазан күндері Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапармен барады», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған еді.

Мемлекет басшысы Франк-Вальтер Штайнмайерді Германияның бірігу күніне 35 жыл толуымен құттықтады.