Тоқаев «Қызылорда-нан» цехына барды


17:00, 30 қазан 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қызылорда-нан» цехына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, «Қызылорда-нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешені биыл қазан айында іске қосылды.

Жобаның жалпы құны – 5,6 миллиард теңге. Өндіріс толығымен автоматтандырылған.

Өнімдердің 30 пайызға жуығы кәсіпорынның жеке сауда желілері арқылы сатылады, ал 70 пайызы қала аумағындағы және маңындағы дүкендерге жеткізіледі.