17:04, 4 қыркүйек 2025
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов лауазымынан босатылды. Оның орнын Тимур Әбілқасымов басты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылы 4 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
«Мемлекет басшысының өкімімен Тимур Бөкейханұлы Әбілқасымов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды».
Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
Айта кетсек, 2025 жылғы 3 қыркүйекте Мәжілістің бірінші жалпы отырысында «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды енгізілді. Онда Ұлттық қордан жыл сайын қанша қаражат бөлінетіні көрсетілген.






Leave a Reply