09:05, 11 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 11 сәуірде Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті.
«Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты»,* делінген ақпаратта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа «Артемида» бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.
Айта кетейік, айды айналып ұшқан Artemis II миссиясының экипажы 11 сәуір күні таңертең Сан-Диего жағалауына сәтті қонды.






Leave a Reply