Тоқаев Санкт-Петербургке барады


15:00, 20 желтоқсан 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Онда Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барады», — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйлеген еді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты.