Тоқаев Рустами Эмомалиді «Достық» орденімен марапаттады


17:01, 26 тамыз 2025

Президент Тоқаев Рустами Эмомалиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Рустами Эмомалиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, делінген хабарламада.