Тоқаев пен Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті


17:31, 21 сәуір 2025

2025 жылы 21 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.