Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 мамырда «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті.

Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.