Тоқаев Ильхам Әлиевті Тәуелсіздік күнімен құттықтады


08:57, 28 мамыр 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті және әзербайжан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас әзербайжан халқына бақ-береке тіледі.

«Сан ғасырлық достыққа негізделген қазақ-әзербайжан қарым-қатынасы шынайы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқаны қуантады. Бірлескен күш-жігеріміз арқылы жетістіктерімізді еселеп, сан қырлы мемлекетаралық ынтымақтастықты жаңа белеске шығаратынымызға сенімдімін», – деп жазылған жеделхатта.