Тоқаев жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрін қабылдады


18:05, 26 қыркүйек 2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 26 қыркүйекте жаңадан тағайындалған сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңгерімді сыртқы саясатты одан әрі нығайту, ұлттық мүддемізді халықаралық аренада белсенді ілгерілету, экономикалық дипломатия мен инвестициялық серіктестікті күшейту бағытында нақты тапсырма берді, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мемлекет басшысы көпжақты форматтағы ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ шетелде Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Мұрат Нұртілеуді сыртқы істер министрі қызметінен босатып, оны өзінің көмекшісі етіп тағайындады. Ал Мұрат Нұртілеудің орнын Ермек Көшербаев басты.