Тоқаев БАӘ ислам және уақыптар істері жөніндегі бас басқармасының төрағасымен кездесті


17:01, 17 қыркүйек 2025

Мемлекет басшысы БАӘ ислам және уақыптар істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Омар Хабтур әл-Дареймен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, пезидент мейманға ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Омар Хабтур әл-Дарей әлемдегі рухани ахуал мәселелері жөнінде пікір алмасып, дінаралық диалогты дамытудың маңызын атап өтті.

Сондай-ақ түрлі конфессиялар арасында өзара түсіністік пен үйлесімді нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігердің өзектілігіне тоқталды.

Бұған дейін мемлекет басшысының Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасын қабылдағанын жазғанбыз.