Тоқаев Ауғанстан басшылығына көңіл айтты


15:43, 1 қыркүйек 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына аталған елде орын алған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қайғырып көңіл айтты.