11:26, 10 сәуір 2025
Мемлекет басшысы YTO Express басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда дерегіне сүйенсек, Юй Хуэйцзя президентке «Қазпошта» АҚ және YTO Express компаниясының бірлескен кәсіпорны «Qazpost – YTO» ЖШС-нің қызметі жөнінде мәлімет берді.
«Бұл жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азия елдері аумағында заманауи әрі тиімді курьерлік желіні дамыту»,- делінген Ақорда мәліметінде.
Мәселен, биыл Алматы облысында сұрыптау хабының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Аталған нысан пошта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Сурет: akorda.kz
Сондай-ақ, «Qazpost – YTO» ЖШС сұрыптау хабына жақын маңнан Индустриалды парк салуға ниетті.
Өз кезегінде, Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бірлескен жобалардың стратегиялық маңызын атап өтіп, олар мемлекеттер мен халықаралық бизнес арасындағы тиімді ықпалдастықтың үлгісі болуға тиіс екеніне назар аударды.
Сурет: akorda.kz
Бұған дейін мемлекет басшысының әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізгендігі хабарланған болатын.






Leave a Reply