Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Бухарестте (Румыния) өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іріктеу кезеңінің финалында ол Молдова өкілі Раду Алботтан басым түсті.
Кездесу 6:1, 7:6 есебімен Скатовтың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, бірінші айналымда ол аңызға айналған Стэн Вавринкамен кездеседі. 40 жастағы швейцариялық теннисші «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін жеңімпазы, сондай-ақ 2008 жылғы Олимпиада чемпионы.






Leave a Reply